«Медициналық пойыздар» жобасы аясында «Саламатты Қазақстан» пойызы 8 айдың ішінде орташа алғанда 18 мың шақырымға жуық жол жүріп, Алматы, Жетісу, ШҚО, Абай, Павлодар, Ақмола, СҚО, Қостанай, Қарағанды, Ұлытау, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, БҚО, Қызылорда, Түркістан және Жамбыл сынды 17 облыстағы 121 шалғай станцияны қамтыды. Бұл жайында бүгін «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры Альфия Адиева Орталық коммуникациялар қызметі алаңында мәлім етті.