2023 жылдың басынан бастап Қазақстанда қызылшаның 20 188 жағдайы тіркелді, оның 81%-ы (16351 жағдай.) - 14 жасқа дейінгі балалар арасында, 3,4% (706 жағдай) жасөспірімдер, 15,4% (3131 жағдай) - ересектер. ҚР ДСМ «Ұлттық Қоғамдық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК басқарма төрағасы Манар Смағұл Орталықкоммуникациялар алаңында «Қазақстандағы ағымдағы эпидемиологиялық жағдай және қызылша бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы» баяндама барысында осындай деректерді келтірді.