Қазіргі уақытта балалардың ата-аналары, қызылшамен ауыратын науқаспен тығыз байланыста болған 30 жасқа дейінгі адамдар арасында да эпидемиялық көрсеткіштер бойынша вакцинадан бас тарту жағдайлары тіркеліп жатыр. Бұл үрдіс қызылшамен ауырғандар арасында да байқалады, сондықтан вирусты жұқтырған балалардың жартысынан көбі вакцинадан бас тартуына байланысты жоспарлы түрде екпе алмаған. 2,5 мыңға жуығы – медициналық көрсетілім бойынша, қалған 3148-і егу жасына жетпеген. Елдегі жағдай туралы ҚР ДСМ «Ұлттық Қоғамдық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК басқарма төрағасы Манар Смағұл айтып берді.