Шымкентте көлік инфрақұрылымын дамытуда айналма жолды шеңберлеу және магистралды жолдардың өткізу қабілетін арттыру маңызды болып тұр. Осы орайда бірқатар ірі жобалар іске асып жатыр. Қала басшысы Ғабит Сыздықбеков Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында осы бағыттағы жоспарлармен бөлісті.