Қысқы күтіммен қамтылған автожолдардың жалпы ұзындығы халықаралық және республикалық тас жолдарды қоса алғанда 25 мың шақырымды құрайды. Аталған көлемнің 21 мың шақырымына «КАЖсервис» ЖШС күштері, ал тағы 4 мың шақырымына реконструкциялау және күрделі жөндеу объектілерінде мердігерлік ұйымдар қызмет көрсетеді, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.