Австралияға жұмыс сапарының қорытындысын ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин сонда болған мал шаруашылығы қожалықтарының басшыларымен талқылады. Аграрлық салада өзіндік орны бар бес компанияның өкілдері – «Олжа Агро» ЖШС, «Терра» ЖШС компаниялар тобы, «Қарасу-Астық» ЖШС, «Қайып ата» ЖШС, «Қайыңды» ЖШС австралиялық заманауи технологияларды ескере отырып, қолданыстағы өндіріс орындарын салу және жаңғырту бойынша пилоттық жобаға қатысуға шешім қабылдады, деп хабарлайды Primeminister.kz.