Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Францияның мәдениет министрі Рима Абдул-Малакпен кездесті. Аида Балаева өз сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эммануэль Макронның өзара сапарларынан кейін Қазақстан мен Францияның қарым-қатынасы жақында ірі мәдени жобаларға ұласатынын атап өтті, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.