Орталық коммуникациялар қызметі 2023 жылдың қорытындысы бойынша өңір әкімдіктерімен бірлесіп қолға алған жобаның кезекті материалы Алматы облысына арналған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2022 жылы Қазақстанның әкімшілік-аумақтық құрылымына енгізілген өзгерістер нәтижесінде Алматы облысы екіге бөлінді. Енді Алматы облысының орталығы – Қонаев қаласы. 2023 жылдың соңында барлық жағынан күшті бұл өңірдің қандай негізгі нәтижелерге қол жеткізгені туралы материалымыздан оқыңыздар.