Қазіргі таңда Қазақстан Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы басқаратын 19 халықаралық шарттың қатысушысы болып табылады. Күн тәртібінде еліміздің Марракеш шартына, Өнеркәсіптік үлгілерді халықаралық тіркеу туралы Гаага келісіміне, тауар шығарылған жерлердің атауларын қорғау және оларды халықаралық тіркеу туралы Лиссабон келісіміне қосылуы мәселелері тұр. Бұның маңызын ҚР әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында түсіндірді.