2013 жылдан бастап жасөспірімдер арасындағы қылмыстардың саны 60%-ға қысқарды. Алайда ағымдағы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша олардың 11%-ға өсуі байқалды. ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында осы мәселеге тоқталды.