Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін  Алматы қаласын әлеуметтік-экономикалық дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары іске асырылып жатыр. Соның аясында сомасы 1,9 трлн теңгені құрайтын 58 іс-шара қамтылмақ. Бұл соманың 1,6 трлн теңгесі 2024-2026 – жылдарға көзделген. Бұл жайында шаһар әкімі Ерболат Досаев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында мәлімдеді.