Алматы қаласындағы сейсмикалық қауіпсіздікті күшейту үшін осы жылдың қазан айынан бастап 16,7 мың объектіні қамтитын қала ғимараттарында аудит басталды. Биыл 3,5 мың нысанның аудит жасалады, қалған 13,2 мың объектіні 2024 жылдың соңына дейін тексеру жоспарланған. Қала әкімі тілішілер қауымымен кездескенде осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыс нәтижелерімен бөлісті.