Астананың экономикасы өсіп келеді. Жалпы өңірлік өнім 4,1%-ға өсіп, 4 трлн 753 млрд теңгені құрады. Инвестиция көлемі 4,7%-ға өсіп, шамамен 1,3 трлн теңгені құрады. Бұл жайында Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында қала әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.