2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша жұмыспен қамтуды қолдаудың түрлі шараларымен 39,7 мың мүгедектігі бар адам қамтылды, олардың 31,8 мыңы Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға қатысушылар, ал 7,9 мыңы жұмыс орындарының квотасы бойынша жұмысқа орналастырылды. Жалпы, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесінің мәліметтеріне сәйкес бүгінгі күнге мүгедектігі бар 138 мың адам (28,6%) жұмыспен қамтылған, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.