2021 жылы Цифрлық даму министрлігінің бастамасымен Tech Orda бағдарламасы алғаш рет іске қосылды. Бұл бағдарлама IT саласындағы адами капиталды дамытуға бағытталған және осы салада жеке тұлғаларды оқытуға қаржыландыруды көздейді. Ол веб-әзірлемелерді, 3D дизайнын, бағдарламалық жасақтаманы, мобильді қосымшаларды құруды, сондай-ақ Big Data және Blockchain сияқты салаларды қамтитын басым секторлардың барлық спектрін қамтиды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.