Бұл туралы ҚР энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов Жамбыл облысының тұрғындарымен есептік кездесуде мәлімдеді. Өңірде жалпы қуаты 441 МВт болатын 19 жаңартылатын энергия көздері объектісі жұмыс істейді, оның ішінде қуаты 251 МВт-тан асатын 5 күн электр станциясы, қуаты 176 МВт құрайтын 9 жел электр станциясы және қуаты 15 Мвт болатын 5 гидроэлектр станциясы бар. Сондай-ақ, 2025 жылға дейін жиынтық қуаты 120 МВт болатын 2 ЖЭК объектісін іске қосу жоспарланған, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.
Жамбыл облысы жаңартылатын энергия көздерінің қуаты бойынша республикада көш бастап тұр
Тегтер:
сот төрелігі