Қазір елімізде азаматтық қоғам дамуының 3 негізгі бағыты айқындалған. Яғни институционалдық негіздерді құру, өзара іс-қимылдың диалогтық форматын құру, үкіметтік емес секторды, волонтерлік қоғамдастықты өзекті міндеттерді шешуге тарту жүйесін жетілдіру жөнінде бірқатар жүйелі шаралар қабылданып отыр. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында осылай деді.