Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру шеңберінде Ұлттық қауіпсіздік стратегиясының «елдің қорғаныс қабілетін нығайту» бағытын өзектендіру бойынша жұмыс жүргізілді. ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдиновтың айтуынша, өзектендірудің мәні әлем мен өңірде қалыптасқан әскери-саяси жағдайды ескере отырып, «әскери» стратегиялық бағытты қазіргі жағдайларға бейімдеу болып табылады.