Астана-Алматы автожолы оңтүстік өңірді Қазақстанның орталығымен байланыстыратын негізгі бағыт. Аталған дәлізді реконструкциялау барысында 4 жолақты қозғалысы бар I техникалық санатқа ауыстыру жұмыстарымен қамту арқылы 946 шақырым жол қарастырылған. Оның 874 шақырымында (92%) жаңа жабын салынып, көліктің кедергісіз қозғалысы қамтамасыз етілді, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.