Республиканың барлық өңірінде қоғамдық көлікте жол ақысын электронды түрде төлеуге көшу үрдісі аяқталды. Биыл елімізде Өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы өңірлерде қалалық автобустарды жаңартуға жеңілдікті лизинг тетігі іске қосылған болатын, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.