Президентке Қарағанды облысының 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы есеп берілді. Қасым-Жомарт Тоқаевқа былтыр 11 айдың ішінде өңірдегі өнеркәсіп өнімінің көлемі 3,1 триллион теңгені құрағаны жөнінде баяндалды. Негізгі капиталға салынған инвестиция 16,3 пайызға артып, 727 миллиард теңгеге жеткен.