Қазақстанда Ұлттық допингке қарсы орталық ашылған. Мекеме спортшыларды жүйелі түрде тексерістен өткізеді. 2019 жылы еліміз допингке қрасы шараларды қатаңдату туралы шешім қабылдап, заңға тиісті өзгерістер енгізген. Бұл жайында бүгін ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру комитеті төрағасының орынбасары Айгүл Бектенова Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында мәлімдеді.