Астанада жаратылыстану-математика бағытындағы ауыл мектептерінің оқушыларына арналған республикалық олимпиада өз мәресіне жетті. Қорытынды кезеңге барлығы 1088 оқушы қатысты. Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған бірінші республикалық олимпиадада еліміздің шалғай елді мекендерінен келген 170 бала жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.