2023 жылы Қазақстанда 4 иесіз қалған бөгет, 1 су қоймасы және 3 тоған мемлекет меншігіне өтті. Бұл Ақтөбе облысындағы 4 бөгет, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысындағы 3 тоған мен су қоймасы. Елімізде жалпы саны 22 гидротехникалық нысанның қараусыз қалғаны анықталды, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.