Мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа алгоритмі өткен жылы 6 мемлекеттік органда сынақтан өткізілді. Олар Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Көлік министрлігі, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, Сауда жəне интеграция министрлігі, Ақмола облысы және Шымкент қаласы әкімдіктері. Өткен жылы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі іріктеуді толық цифрландыру арқылы «е-Qyzmet» интеграцияланған ақпараттық жүйесін жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.