Елордада ауыл мектептері оқушыларының қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы республикалық олимпиадасының қорытындысы шықты. Зияткерлік сайыс алғаш рет өткізіліп отыр. Бастапқы кезеңде оған еліміздің шалғай ауылдарынан 80 мыңнан астам оқушы қатысты, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.