Алматыда «Digital Almaty-2024»: «Industry X: Болашақтың цифрлық эволюциясы» VI цифрлық форумы өз жұмысын бастады. Форум биыл 1-3 ақпан күндері өтеді. Digital Almaty Govtech, 4.0 Индустриясы, ESG, Smart City және басқа салалардағы өнеркәсіптегі цифрлық трансформация және инновациялық шешімдер тақырыптарын ашатын ауқымды іскерлік бағдарламаны ұсынады, деп хабарлайды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі.