Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қонаев қаласындағы тамшылатып суару жүйелеріне арналған қосалқы бөлшектер шығаратын зауытты аралап көрді. Тамшылатып суару әдісі - тіршілік нәрін тікелей өсімдік тамырына жеткізу арқылы суды ұқыпты пайдалануға мүмкіндік береді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.