Халықаралық биология олимпиадасы басқа пәндік олимпиадаларға қарағанда салыстырмалы түрде жас олимпиада. Бірінші рет IBO 1990 жылы 6 елдің қатысуымен өткен болатын. Содан бері қатысушы-мемлекеттер географиясы артып, әртүрлі континенттердегі 80-нен астам елге кеңейіп келеді. Себебі бүкіл әлемде биологияға қызығушылық пен жоғары сынып оқушыларының осы пәнге дайындық деңгейі артып келеді. «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Ғаждембек Тұрсынов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында осылай деді.