«Отбасының цифрлық картасы» жобасы Дубайдағы Дүниежүзілік үкімет саммитінің әлемдік аренасында «Инклюзивті цифрлық трансформация» санатында лайықты деп танылды. Бұл мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсартуға және отбасылардың әл-ауқатын қамтамасыз етуге инновациялық тәсілдердің маңыздылығын көрсетеді, деп хабарлайды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі.