ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі вегетациялық кезеңге дайындық аясында 110 су шаруашылығы нысанын жөндеуден өткізуге ниетті. Бұл тасымалдау кезіндегі су шығынын азайтуға және суармалы алқаптарды сумен тұрақты қамтамасыз ету үшін жасалады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.