Астанада Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім министрліктерінің кеңейтілген бірлескен алқа отырысы өтті. Оның жұмысына ҚР Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова, Парламент депутаттары, салалық ведомстволар, білім басқармаларының басшылары, ұстаздар, сарапшылар мен саланың өзге де мамандары қатысты, деп хабарлайды Primeminister.kz.