Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Ұлыбританияның Қазақстан Республикасындағы Елшісі Кэти Лич бастаған делегациямен кездесті. Тараптар Қазақстанның су саласын дамыту бағытындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.