Қазақстан және Өзбекстан сауда министрлерінің орынбасарлары Қайрат Төребаев пен Хуррам Тешабаевтың төрағалығымен «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығын құруды жеделдету жөніндегі жұмыс тобының екінші отырысы өтті. Тараптар ӨКХО-ны дамытудың алдын ала жоспарларын таныстырып, нысанның инфрақұрылымы мен толтырылуына байланысты мәселелерді талқылады, деп хабарлайды ҚР Сауда және интеграция министрлігі.