NEET санатындағы жастар – бұл жұмыспен қамту және білім беру саласынан тыс, уақытша жұмыс істемейтін, білім беру ұйымдарында оқымайтын немесе кәсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан өтпейтін жастар. Олар биыл еліміздің 20 өңірінде іске асырылатын «Zhas project» жобасына қатыса алады. 18 бен 35 жас аралығындағы азаматтардың проблемаларын шешуге бағытталған әлеуметтік жобаларға конкурстық негізде сомасы 1 млн теңгеге дейінгі шағын гранттар беру көзделген. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров Орталық коммуникациялар қызметі алаңында хабарлады.