Былтыр «Zhas Project» жобасы еліміздің 20 өңірінде өткізілді. 280 қазақстандық 1 млн теңгеге дейінгі көлемде шағын грант алды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров Орталық коммуникациялар қызметі алаңында айтты.