Жаңа әдістемені әзірлеумен қатар, Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сататын барлық сауда желісі мен бөлшек сауда орнында баға мониторингін неғұрлым егжей-тегжейлі және ашық жүргізу үшін Ұлттық өнімдер каталогы енгізілуде. Үкіметте вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте инфляция көрсеткіштерін есептеудің жаңа әдістемесіне көшу жөніндегі жұмыс қорытындылары қаралды, деп хабарлайды Primeminister.kz.