ҚР ҚК мотоатқыштар бөлімшелерінің сержанттық құрамының лауазымдарын жинақтауды Щучинск қаласындағы әскери колледж түлектері үш біліктілік бойынша жүзеге асырады: мотоатқыштар бөлімшелерін басқару; зымыран әскерлері мен артиллерия әскерлерінің бөлімшелерін басқару; танк бөлімшелерін басқару. Бұл туралы ОКҚ алаңында Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы Жұмабек Ахметов айтып берді.