Биылдан бастап еліміздің Оқу-ағарту министрлігі Біртұтас тәрбие бағдарламасын енгізді. Ол Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасымен жүзеге асырылып жатыр. Бағдарлама білім беру және жалпы адамзаттық, ұлттық құндылықтарға негізделген. Бұл жайында ҚР Оқу-ағарту министрлігі Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Меруерт Медетбекова ОКҚ алаңында айтты.