2024 жылғы ақпан айының соңындағы деректерге сәйкес республика бойынша еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде тіркелген еңбек шарттарының саны 4 млн 494 мыңды немесе 95% құрады. Өңірлер бөлінісінде бұл көрсеткіш 90%-дан 100%-ға дейін өзгереді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.