Адам өмірінде ерекше маңызды адамдар болады. Әлемнің жарығын сыйлаған, бойымызға сенім ұялатқан, бізді сүюді, қиындықтарды еңсеруді үйреткен, ұдайы қолдау көрсетіп, өз балалары үшін ғана емес, бүкіл ұрпақ үшін жауапкершілікті өз мойнына алған жандар. Бұл біздің аналарымыз, жұбайларымыз, әжелеріміз, әріптестеріміз. Әрбір өңірде түрлі салаларда еліміздің дамуына елеулі үлес қосып жүрген аруларымыз қаншама. Бүгінгі материалымызда нәзік жандылар туралы баяндаймыз.