Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Италия Республикасына қаңтар айындағы сапарының қорытындысы бойынша келісімдерді іс жүзінде іске асыру аясында ҚР сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев «Италияда жасалған» кәсіпкерлік және өнім істері министрі Адольфо Урсо мырзамен Рим қаласында кездесті. Тараптар Қазақстан мен Италия арасындағы сауда қарым-қатынасын кеңейтуді, «Made in Kazakhstan with Italy» бірыңғай тұжырымдамасын енгізуді талқылады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.