Қазақстанның сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Италия Республикасының Сенаторы Д. Терци ди Сант'Агатамен 2024 жылғы қаңтарда Қазақстан мен Италия президенттері қол жеткізген келісімдердің іске асырылуын талқылады. Келіссөздердің негізгі бағыты «Road to Kazakhstan» жобасы арқылы елдер арасындағы сауда және мәдени ынтымақтастықты күшейту болды. Ол Италияның 30 қаласы арасында ел, мәдениет, ұлттық тағамдар, туристік мүмкіндіктер және т.б. туралы ақпарат тасымалдайтын брендтелген жүк көліктерді пайдалануды көздейді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.