Биыл елорда тұрғындары мен қонақтарының Наурыз мейрамын жаңа форматта атап өтуіне мүмкіндік бар. Жергілікті атқарушы орган өкілдері қаланың барлық ауданында түрлі мерекелік шара өткізбек. Наурызды тойлау жоспарымен Астана қаласы мәдениет басқарма басшысының орынбасары Нұран Камзин ОКҚ алаңында таныстырды.