ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында «Зенит» Орал зауыты» АҚ еңбек ұжымымен кездесу өткізді. Ол еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда ұзақ уақыт бойы жұмыс істеген қазақстандықтарға арналған арнаулы әлеуметтік төлем және 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы туралы баяндады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.