Алқа отырысында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев ведомствоның өткен жылғы жұмысының нәтижелерін айтты. Оның мәліметінше, өнеркәсіп саласында өсім 4,3% құрады. Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі 4,1% өсті. Өсім барлық дерлік секторларда тіркелген, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.