Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі әлеуметтік секторға бағытталған сақтандыру өнімдеріне ерекше назар аударады. Атап айтқанда, МӘМС жүйесін жетілдіру шеңберінде зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлерге арнайы әлеуметтік төлемдер енгізілді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ҚНРДА төрағасының орынбасары Мария Хаджиева айтты.