Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Құрылыс комитеті инвесторларға қолайлы жағдай жасамақ. Ол үшін EПC келісім-шарттарына ұқсас «техникалық тапсырыс беруші» қызметін енгізу бойынша түзетулер әзірленді. Ол жобаны жоспарлаудан бастап, нысанды пайдалануға енгізуге дейінгі барлық кезеңді қамтиды. Бұл туралы ҚР өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Тимур Қарағойшин ОКҚ алаңында хабарлады.