Жасөспірімдерді нашақорлық, вейпинг, лудомания сияқты жағымсыз құбылыстардан қорғау мәселесіндегі жұмысты жүйелеу мақсатында Оқу-ағарту министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, бірнеше жол картасы мен іс-қимыл жоспарларын әзірлейді. Оларды іске асыру жөніндегі шаралар туралы ОКҚ алаңында вице-министр Еділ Оспан айтып берді.