Статистикалық дерекке сәйкес, елімізде ұлттық спорт түрлері қарқынды дамып келе жатқаны байқалады. 2022 жылы ел бойынша Ұлттық спорт түрлерімен жүйелі түрде шұғылданатындар саны 584,1 мың адамды құраса, 2023 жылғы көрсеткіш 619,2 мың адамға дейін өскен. Сәйкесінше, секцияларда дене шынықтыру және спортпен айналысатындардың жалпы санының 8,7% құрады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі.